Бейне курстар




KazDev - инноваторлық хаб жобасы


Ақпараттық порталдың http://kazdev.org аудиториясы кең болғанымен, көбінесе жоғарғы сынып оқушылары, абитуриенттер мен студенттерге жол сілтеуге бағытталған. Қазіргі таңда, оқыту тәсілдері желілерде қазақ тілінде үйрету аз болғандықтан, порталда қажетті ақпараттарды оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға акцент береді.


Программалау және графикалық дизайн жасауды теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету, инновациялық оқыту әдістері, өзекті ақпараттар, IT-технологияға қатысты дамытуға күш салу – инновациялық орталықтың басты мақсаты саналады. Ақпараттар – графикалық көрнекті әдіспен, бейнекурстармен, мамандардың кеңесі арқылы ұсынылады.


Сонымен қатар, портал ақпараттық технологиялар мен IT-әзірлеуге қатысты ең соңғы және шынайы ақпараттарды жеткізіп отырады.